Курск облысының мыңға жуық тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен

0
136

Хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде екі мың адам бар.


Курск облысының мыңға жуық тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен

фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Курск облысының із-түзсіз жоғалған мыңға жуық тұрғынының тағдыры әлі анықталған жоқ. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Украинадан оралған соң атқарған жұмысымыздың нәтижесінде Сумнан 100-ден астам адам оралды. Хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде екі мың адам болды. Бүгінгі күні мыңға жуық адамның тағдыры әлі белгісіз", - деді ол.
Москалькова жоғалған Курск тұрғындарының толық тізімін Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецке және халықаралық Қызыл Крест комитетіне жібергенін айтты.
"Біз іздеуді жалғастырамыз және оларды тірі табуға үміттіміз", - деді ол.
Өткен жылдың 6 тамызында таңертең украиналық әскер Курск облысына басып кірді. Олардың алға қарай жылжуы тоқтатылды. Наурыз айының басында ресейлік әскер шабуылға шығып, бірнеше күннің ішінде 1100 шаршы шақырымдай аумақты азат еткен. Жалпы шабуыл басталғаннан бері 60-тан астам елді мекендһ қайтарылған.