Қырғызстан азаматтарына Ресейге кіру кезінде күшейтілген бақылауға дайындалуды ұсынды

0
245

Қырғызстанда әуе компаниялары пайдаланушыларына сертификат беруге мораторий енгізілді.


Қырғызстан азаматтарына Ресейге кіру кезінде күшейтілген бақылауға дайындалуды ұсынды

Фото: Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі сапарын жоспарлап отырған азаматтарға Ресей Федерациясына келу ережелері бойынша ұсыныстар берді, деп жазады inform.kz.

Қырғызстандықтарға мыналар қажет екендігі ескертілді:

* РФ мемлекеттік шекарасын кесіп өту құқығын беретін жеке басын куәландыратын құжаттарды алдын ала дайындау.
* Ресейге кірудің заңдылығын анықтауға байланысты және белгілі бір уақытты талап ететін қосымша тексеру шараларына дайын болу.
* тексеру жүргізу кезінде сабырлық танытып, ресейлік шекара және басқа да құзырлы органдардың талаптарын орындау.

Шекара органдары тексергеннен кейін Ресей Федерациясына кіруден бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Бұл жағдайда азаматқа мұндай шешімнің негізін көрсететін тиісті құжат беріледі. Халықаралық шарттарға сәйкес, Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынған тұлғалар әуе компанияның жауапкершілігіне тапсырылып, келесі рейспен келген елге орташа есеппен 1-3 күн ішінде қайтарылады. Осы кезеңде әуе компаниясы оларды сумен, тамақпен қамтамасыз етеді.

Әдеттен тыс жағдайларда Қырғызстан азаматтары РФ Сыртқы істер министрлігінің консулдық мекемелеріне және Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы өкілдігіне жүгіне алады. Қажет болса, аудармашы шақырта алады. Ресей Федерациясына кіруге тыйым салуды Ресейдің ІІМ және басқа уәкілетті органдары белгілей алады.

Атап өтілгендей, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде енгізілген күшейтілген бақылау режимі барлық шетелдік азаматтарға қатысты және «Крокус Сити Холда» болған лаңкестік әрекетінен кейін елде қауіпсіздік пен терроримге қарсы қорғанысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Еске салсақ, Қырғызстанда әуе компаниялары пайдаланушыларына сертификат беруге мораторий енгізілді.