Ойынға 10-15 минут уақыт қалғанда ойыншылардың бірі аттан құлап, есінен танып қалған.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
ERNUR.KZ. Қырғызстанда көкпар ойыны кезінде спортшы қайтыс болды, деп жазады inform.kz.
Ленин аудандық ІІБ хабарлауынша, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында «Ақ-Құла» ипподромында «Көкпар» ұлттық ойыны федерациясы ұйымдастырған жарыс басталды.
Жарыс барысында Сокулук ауданының «Бөрілі» командасы мен Ош қаласының «Бүркіт» командасы арасында тартыс болуы тиіс еді. Алайда, ойынға 10-15 минут уақыт қалғанда ойыншылардың бірі аттан құлап, есінен танып қалған.
Ойын бірден тоқтатылып, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды, жәбірленуші 1980 жылы туған С.М. ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.