Қырғызстанда контрабандашылардың көлігі тәркіленетін болды

0
589

Қырғыз Республикасының Парламенті жаңа заң жобасын мақұлдады.


Қырғызстанда контрабандашылардың көлігі тәркіленетін болды

ERNUR.KZ. Оған сәйкес мемлекет контрабандалық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылған көліктерді тәркілей алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Жогорку Кенеште тауарлар немесе көліктерді заңсыз өткізу жауапкершілігін айтарлықтай қатайтатын заң жобасы қаралды. Құжаттың мақсаты – тауарлар мен көлік құралдарын өткізу пункттерінен және тауарларды өткізуге арналған басқа да белгіленген орындардан тысқары жерлерге заңсыз әкелу және әкетумен күресті күшейту, сондай-ақ контрабанда үшін тиімді, пропорционалды және тосқауыл қою шараларын белгілеу.

Қырғызстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы контрабанда үшін жауапкершілік жеке тұлғаларға тек 7500 сом (шамамен 92 доллар), ал заңды тұлғаларға 23 000 сом (282 доллар) айыппұл салу түрінде ғана қарастырылған.

Бұл шаралар тым жұмсақ, ал заңсыз қозғалыс ел экономикасына зиянын тигізеді. Осыған байланысты, заң жобасында жеке тұлғаларға айыппұлды 100 000 сом (1226 АҚШ доллары), заңды тұлғалар үшін 150 000 сом ($1840), қайталанған құқық бұзушылықтар жағдайында жеке тұлғалар үшін 200 000 сом (2453 АҚШ доллары), заңды тұлғалар үшін 300 000 сомға ($300) дейін арттыру, сондай-ақ көлік құралдарын тәркілеу шаралары қарастырылған.