Қырғыз елінде бір топ адам билікті күшпен басып алуға дайындалған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төңкеріс жасауы мүмкін қатысушыларды жаппай ұстау шараларын жүргізді, деп жазады zakon.kz.
Қырғыз елінде бір топ адам билікті күшпен басып алуға дайындалған. Арнайы қызметтің нақты кімдерді ұстағаны әзірге белгісіз. Бұл жөнінде 24.kg агенттігі дереккөздер сілмете жасап мәлімдеді.
Kaktus.media сайтының жазуынша, "барлық белсенді қатысушылар ұсталып жатыр". Басылымның дереккөзі мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін белсенділер мен сыбайластардың аты-жөнін, сондай-ақ олардың қай саясаткермен байланысы болуы мүмкін екенін айтудан бас тартты.