Жанармай сатудан түскен қаражат республикалық бюджетке жіберіледі. Кейін ол Жол қорына жинақталмақ.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда сатылған жанар-жағармайдың әр литрі үшін алым алынбақ. Жогорку Кенеш тиісті заң жобасын екінші және үшінші оқылымда мақұлдады, деп жазады kaz.inform.kz.
Анықтап айтқанда мұнай өнімдерін есепке алу мен сақтаудың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, жанар-жағармай құю станцияларында бөлшек саудада өткізу кезінде жанар-жағармайдың әрбір литріне алым алынады. Алым алу тәртібін Қырғызстанның министрлер кабинеті белгілейді.
Жанармай сатудан түскен қаражат республикалық бюджетке жіберіледі. Кейін ол Жол қорына жинақталмақ. 2023 жылы Қырғызстандағы Жол қорының бюджеті шамамен 4,5 миллиард сомды құраған. 2025 жылы жаңа төлем енгізілсе бұл 5 миллиард сом жетпек.