Қырғызстанға мемлекеттік сапар: Владимир Путин Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізді

0
27

Ресей президенті Бішкекке мемлекеттік сапармен барды.


Қырғызстанға мемлекеттік сапар: Владимир Путин Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізді

фото: POOL

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин қырғыз әріптесі Садыр Жапаровты екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бағдарларды нақтылауға шақырды, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгін біз көп қырлы екіжақты күн тәртібін мұқият қарастырып, жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдету бойынша бағдарларды нақтылай аламыз", - деді Путин.

Екіжақты келіссөздер барысында Ресейдің Қырғызстанда мектептер салу мәселесі көтерілді. Путиннің айтуынша, Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын алғашқы үш мектеп 2027 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады.

"2023 жылы біз Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын тоғыз орта мектеп салу бойынша ірі бірлескен жобаны бастадық. Алғашқы үш мектеп 2027 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ашылуы керек", - деді Путин.
Ресей президентінің айтуынша, "Шетелдегі Ресей мұғалімі" бағдарламасы аясында Қырғызстандағы 42 мектепте 157 ресейлік педагог жұмыс істейді.

Экономика туралы айта келе, Путин Қырғызстанда Ресейдің қатысуымен 1500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін айтты.

Путиннің айтуынша, 2024 жылы екі ел арасындағы сауда 13,6%-ға өсіп, рекордтық 4,1 миллиард долларға жетті.
"2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ол тағы 17%-ға өсті", - деді Ресей президенті.
Владимир Путин сонымен қатар Садыр Жапаровпен келіссөздерінен кейін негізгі құжаттар пакетіне қол қойылатынын мәлімдеді.
"Сауда-экономикалық, білім беру, көші-қон және басқа да салалардағы негізгі үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар пакетіне қол қойылады", - деді Путин.