Ер адам мен әйелдің денесі судан шығарылды.
ERNUR.KZ. Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің жанынан өтіп бара жатқан жеңіл көліктің жолаушылары қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.
Ер адам мен әйелдің денесі судан шығарылды.
Сондай-ақ, құжаттар бойынша Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің иесі Краснодар өлкесінің тұрғыны екені анықталды.
Қырым көпіріндегі жарылыс
Таңғы сағат 06:00 шамасында Қырым көпіріндегі жарылыс болды. Кейінірек ресейлік Ұлттық терроризмге қарсы комитет жүк көлігін жарып жібергенін хабарлады. Жарылыс сәті видеоға түсіп қалған.
Оқиға салдарынан көпірдің автомобиль бөлігінің екі аралығы жанып, жүк пойызының жеті жанармай цистернасы өртенді.
Көпірдің құрлық бөлігіндегі аркасы бүтін болуы кеме қатынасын үзбеуге мүмкіндік береді.
Түбекпен байланыс паромдар арқылы жүзеге асырылады.