Іздестіру-құтқару тобы апат орнын тауып, борттағы барлық адамдардың қаза тапқанын растады.
Фото: Wikipedia
ERNUR.KZ. Қырымда Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Апатқа дейін байланыс үзілген ұшақ жарға құлаған, деп жазады inform.kz.
Оқиға 31 наурыз күні Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 18:00–де түбек үстімен жоспарлы ұшу кезінде болған.
Ресей Қорғаныс министрлігі мәліметінше, іздестіру-құтқару тобы апат орнын тауып, борттағы барлық адамдардың қаза тапқанын растады. Ұшақта алты экипаж мүшесі және 23 жолаушы болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған, ұшаққа сыртқы әсер еткен факторлар тіркелмеген. Оқиға орнында әскери ведомствоның комиссиясы жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Парсы шығанағында Қатар әскери тікұшағы апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты.


