2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанда шетелдік инвестицияның қатысуымен 14 871 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Фото: ӨР президентінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. 2024 жылдың соңында Қытай Өзбекстандағы шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар саны бойынша алғаш рет Ресейді басып озды, деп жазады inform.kz.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанда шетелдік инвестицияның қатысуымен 14 871 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Соңғы бір жылда олардың саны 5,8 пайызға немесе 818-ге артқан. Оның 3 965-і бірлескен кәсіпорын болса, 10 906-сы шетелдік.
Шетелдік капиталы бар компаниялардың саны бойынша Қытай бірінші орында – 3 357 компания, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 43,6%-ға немесе 1 020-ға көп.
Бұл - жыл бойы жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындар санының рекордтық өсімі. Өткен жылдары Қытай Өзбекстандағы қатысуын салыстырмалы түрде баяу қарқынмен кеңейтті. Атап айтқанда, 2020 жылы олардың саны - 147-ге, 2021 жылы - 128-ге, 2022 жылы - 214-ке, 2023 жылы 196-ға өскен.
Ресей екінші орынға түсіп кетті. Ресей капиталының қатысуымен компаниялар саны 3,5%-ға – 3 044-тен 2 937-ге дейін (-107) азайды.
2023 жылы ол 112 компанияға дейін қысқарған болатын.
2022 жылы Ресей шет елдердің көптеген санкцияларына тап болған кезде Өзбекстандағы қатысуын күрт кеңейтті, нәтижесінде Ресейдің қатысуымен бір жылда 847-ге (өткен жылдары 216 және 256) өскен еді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының төмендеуі басқа елдерде де байқалды: Түркия — 1 826 кәсіпорын (-3% немесе -57 кәсіпорын), Қазақстан — 1 041 (-2,2% немесе -23), Оңтүстік Корея — 644 (-12,5% немесе -92), АҚШ — 304 (-2,9% немесе -9).
Жалпы, соңғы екі жылда Түркия капиталы қатысатын кәсіпорындар саны 378-ге, Қазақстан — 217-ге, Оңтүстік Корея — 286-ға, АҚШ — 50-ге қысқарды.
ТМД елдері компаниялары санының аздап өскені байқалады. Мысалы, Тәжікстаннан 314 (+12,9%), Әзірбайжаннан 263 (+11%), Қырғызстаннан 287-ге (+2,9%) көбейді.
Басқа елдердің капиталы бар кәсіпорындар саны 631-ге – 3485-тен 2854-ке (-18,1%) азайды.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда қазақстандық капиталмен мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.