Ел теміржол желісін кеңейту үшін жерасты тоннельдерін белсенді түрде пайдаланып келеді.
Фото: SCMP
ERNUR.KZ. Қытайда Янцзы өзенінің астымен өтетін ұзындығы 14 шақырымнан асатын жоғары жылдамдықты теміржол тоннелінің суасты бөлігінің құрылысы аяқталды, деп жазады inform.kz.
Ел теміржол желісін кеңейту үшін жерасты тоннельдерін белсенді түрде пайдаланып келеді.
Мемлекеттік CCTV телеарнасының мәліметінше, Қытайдағы ең ірі өзеннің астымен өтетін бұл тоннель Шанхайдағы Чунмин аралын көршілес Цзянсу провинциясындағы Тайцан қаласымен байланыстырады.
Тоннель ұзындығы шамамен 2 мың шақырым болатын жоғары жылдамдықты теміржол желісінің құрамына енеді. Бұл желі Қытайдың шығыс және орталық агломерацияларын, Сычуань провинциясындағы Чэнду қаласына дейін жалғайды.
Жобаға салынған инвестиция көлемі қазірдің өзінде 500 млрд юаньнан асты, бұл 72 млрд доллардан көп қаржыға тең.
Жоспар бойынша жоба толықтай жыл соңына дейін аяқталады.
Бұл бағытта жүретін пойыздар сағатына 350 шақырымға дейін жылдамдықпен қатынай алады, бұл ел қалалары арасындағы жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін ұзындығы 22,13 шақырым болатын «Тяньшань Шэнли» тоннелі Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында көлік қозғалысы үшін ресми түрде ашылғаны хабарланған.


