Қытайда 8 мыңға жуық адам чикунгунья вирусын жұқтырды

0
111

Әзірге, вирустан емдейтін дәрі табылмады.


Қытайда 8 мыңға жуық адам чикунгунья вирусын жұқтырды

Фото: bbc.com

ERNUR.KZ. Қытайдың Гуандун провинциясында өткен айдан бері 7 мыңнан астам адам чикунгунья вирусына шалдықты, деп жазады inbusiness.kz.

Ауру тараған Фошань қаласында науқастар госпитальдерге бір аптаға жатқызылып, олардың төсегінің үстіне масадан қорғайтын тор құрылды. Айта кетсек, чикунгунья масалардан ғана тарайды. Оны жұқтырғандар безгекке ұшырап, буындары сырқырап, жаңа инфекцияның симптомдары жылдар бойы сақталуы мүмкін.

Дәрігерлерінің сөзінше, пациенттердің бәрі бұл аурудың жеңіл формасына шалдықты. Олардың 95 пайызы жеті күнннің ішінде үйлеріне қайтарылуы ықтимал.

Әзірге, вирустан емдейтін дәрі табылмады.