Аурулармен тығыз қарым-қатынаста болған 163 адам бақылауға алынды.
ERNUR.KZ. Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Орталық Қытай) белгісіз пневмонияға шалдыққандар саны 59 адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
«2020 жылдың 5 қаңтары сағат 8:00-дегі жағдай бойынша қаламызда белгісіз вирустық пневмонияға шалдыққан 59 жағдай анықталды. Жеті адамның ахуалы ауыр, қалған науқастардың жағдай тұрақты. Ешкім қайтыс болған жоқ», - делінген жергілікті денсаулық сақтау органының хабарламасында.
Қазіргі уақытта барлық науқастар Ухань қаласындағы медициналық мекемеде емделіп жатыр. Аурулармен тығыз қарым-қатынаста болған 163 адам бақылауға алынды.