Қытайда тарихтағы ең төмен ауа температурасы тіркелді

0
912

Жергілікті метеостанцияда 22 қаңтарда минус 53 градус деңгейінде төмен температура тіркелген.


Қытайда тарихтағы ең төмен ауа температурасы тіркелді

ERNUR.KZ. Қытайда тарихтағы ең төмен ауа температурасы тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Қытай метеорологтары Ресей шекарасына жақын Хэйлунцзян провинциясында орналасқан "Қытайдың Солтүстік полюсі" деп аталатын Мохэ қаласында әдеттегіден төмен температураны тіркеген.

Жергілікті метеостанцияда 22 қаңтарда минус 53 градус деңгейінде төмен температура тіркелген. Бұл 1969 жылғы ұлттық рекордты жаңартқан. Бұрын минус 52,3 градус болған.

Айта кетейік, Мохэде үш күн бойы ауа температурасы минус 50 градус көрсеткен.