Ливан жағалауында улы балық қаптап кетті

0
1 297

Улы әрі тез көбейетін су жәндігінің пайда болғанына жергілікті балықшылар ашулы.


Ливан жағалауында улы балық қаптап кетті

ERNUR.KZ. Ливандағы Сарафанд қаласының жағалауы крылатка-зебра деп аталатын жыртқыш балыққа толып кетті, деп жазады «Хабар 24».

Улы әрі тез көбейетін су жәндігінің пайда болғанына жергілікті балықшылар ашулы. Мәселен, солардың кесірінен соңғы үш жылда теңіздегі алабұғалардың саны күрт төмендеп кетті. Мамандардың айтуынша, кейде олар азық таба алмаса шап беріп, бір-бірін жей бастайды екен. Экологтар жыртқыш балықтардың көбеюіне Суэц каналындағы жөндеу жұмыстары себеп болды деп отыр. Ал жергілікті тұрғындар билікті мәселенің шешімін табу үшін тиісті шараларды қолға алуға шақырады.