Жарылыс Израиль әуе күштерінің соққысынан болуы мүмкін деген болжам бар.
ERNUR.KZ. Ливанның оңтүстігіндегі Айн-Кана ауылында күшті жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп жазды baq.kz.
Ақпарға қарағанда «Хизбалла» қозғалысының осы мекендегі қару-жарақ қоймасы жарылған. Жарылыс Израиль әуе күштерінің соққысынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Бірақ жергілікті билік оқиғаға қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қазір тергеу жүріп, жарылыстың себебі анықталып жатыр.