Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді

0
612

​Премьер-министр Сергей Румас бастаған министрлер кабинеті 2018 жылдың тамыз айында жұмысқа кіріскен болатын.


Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко сәрсенбі, 3 маусым күні кешке үкіметті отставкаға жіберді, деп жазады sputniknews.kz.

Беларусь президенті үкіметтегі кадрлық ауыс-түйіс туралы аптаныңбасында хабарлады. Дүйсенбі күні президент әкімшілігі және қауіпсіздік кеңесі жетекшілері, парламенттің екі палатасының өкілдерімен отырыс өткізді. Жиында кандидатуралар талқыланған.

Премьер-министр Сергей Румас бастаған министрлер кабинеті 2018 жылдың тамыз айында жұмысқа кіріскен болатын.

Беларусь елінің заңнамасына сәйкес, премьер-министрді президент тағайындайды. Алайда депутаттар қолдауы тиіс. Егер Румас өзінің орнында қалып, вице-премьер немесе министрлер ғана ауысатын болса, депутаттардың кандидатураны мақұлдауы қажет болмайды.

Парламент палаталарының алдағы отырысы 4 маусымда өтеді.