Қазір аймақтан 5385 адам эвакуацияланды.
Сурет: Х/TMPNews_
ERNUR.KZ. Малазияда соңғы екі күнде жауған нөсер жаңбыр елдің бірқатар аймақтарында су тасқыны қаупін туғызып тұр, деп жазады zakon.kz. The Sun дерегінше, әсіресе Саравак провинциясы қауіптің аз-ақ алдында тұр. Қазір аймақтан 5385 адам эвакуацияланды. Олар уақытша мекендерге орналастырылады.
Әзірге зардап шеккендер саны туралы толық ақпарат жоқ.