Марсқа жіберілген алғашқы адамдар қайтып оралмайды – Маск

0
603

Миллиардер өзінің компаниясының Марсқа миллион адам жіберу жоспарын көптен бері әзірлеп жатқанын айтты.


Марсқа жіберілген алғашқы адамдар қайтып оралмайды – Маск

ERNUR.KZ. Илон Маск Марсты отарлауға қатысты жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы ол Техастағы SpaceX базасында өткен презентация кезінде айтты, деп жазады inform.kz.

«Бұл бір жақты билет», - деді ол.

SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Марсқа алғаш барған адамдардың жерге қайтып оралмайтынын айтты. Миллиардер өзінің компаниясының Марсқа миллион адам жіберу жоспарын көптен бері әзірлеп жатқанын айтты.

Масктың айтуынша, Қызыл ғаламшарды игеру процесі Starships бөліктерін пайдалануға негізделген. Яғни, Марсқа жіберілген алғашқы көліктер Жерге оралмайды.

«Бұл кемелер Марстағы адамдар үшін пайдалы болады. Starship кемелерінің бөлшектерін бағалы материалдарды алу үшін пайдалануға болады. Бұл кемелер қайтарылмайды, бірақ шикізат көзі ретінде пайдаланылады. Әрине, кейін жерге қайтып келетін құрылғылар әзірленеді. Біз адамдарға қайтып келуге мүмкіндік беруіміз керек, өйткені бірлі-жарымы мұны қалайды. Бірақ менің ойымша, Марсқа барған көптеген адамдар ешқашан жерге оралмайды», – деді Илон Маск.

Илон Маск ерте ме, кеш пе адамзат Starship көмегімен мултипланетар түрге айналады деп үміттенеді. Бұл туралы Марстағы адамдар Жердің көмегінсіз өз бетінше өмір сүре алатын жағдайда ғана айта аламыз. Ол үшін Қызыл ғаламшарға миллионға жуық адамды, сондай-ақ бірнеше миллион тонна жүкті жеткізу қажет болады.

SpaceX құрушысы бұл миссияда қазіргі уақытта ұшу сынақтарынан өтіп жатқан Starship кемесіне ерекше рөл жүктейді.