Мәскеу мэрі қалада мобилизацияның аяқталғанын және әскерге шақыру тоқтатылғанын хабарлады

0
432

Сергей Собянин қала тұрғындарына жауапкершілік, борыш сезімі және патриотизм үшін алғысын білдірді.


Мәскеу мэрі қалада мобилизацияның аяқталғанын және әскерге шақыру тоқтатылғанын хабарлады

ERNUR.KZ. Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин Мәскеуде әскери міндеттілерді мобилизациялау жұмыстары аяқталғанын айтты, деп жазады stan.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы негізінде белгіленген ішінара мобилизациялау бойынша тапсырмалар толығымен орындалды. Мобилизацияға қабылдау пункттері 17 қазанда сағат 14.00-де жабылды. Шақыру қағаздары тұрғылықты жерлерге жіберілді", - делінген мэрдің сайтында.

Сергей Собянин қала тұрғындарына жауапкершілік, борыш сезімі және патриотизм үшін алғысын білдірді. Ол қала басшылығы әскери қызметшілерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады деп сендірді.