Ресейлік БАҚ Мәскеудегі Ан-148 ұшағының апатына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Правда.ру -ға сілтеме жасап.
фото: pravda.ru
Ресейлік БАҚ Мәскеудегі Ан-148 ұшағының апатына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Правда.ру - ға сілтеме жасап. Апатты тергеп жатқан комиссия Халықаралық Авиация Комитетінің борттағы таспаға жазу қондырғысынан алған мәліметтеріне қарағанда ұшақ әуеге көтерілген сәтте пилоттардың алдындағы дисплейлер жылдамдық туралы әртүрлі мәлімет көрсеткен.
Ресейлік басылымдар: «Олар ұрсысып отырып, жылдамдықты асырып, ұшақты жерге бағыттап, бұл мәселені шешпек болған. Жер бетімен соқтығысу кезіндегі пилоттардың сөздерін анық аңғару қиын», - деген дереккөздің ақпаратын келтіреді.
ХАК сарапшыларына сілтеме жасай отырып келтірген тілшілердің мәліметінде қаза болардың алдында АН-148 кабинасында дүрбелең орын алған. Ұшақтың жерге құлап бара жатқанын түсінген жолаушылар арасында да дүрбелең орын алған болуы ықтимал.