Мәскеудегі 7 жастағы баланың өлімі жайлы тың деректер жарияланды

0
125

Баланы есірткіге мас күйде болған ер адам өлтірген.


Мәскеудегі 7 жастағы баланың өлімі жайлы тың деректер жарияланды

Сурет: Мәскеу прокуратурасы

ERNUR.KZ. Мәскеудегі Голянов тоғанынан өлі күйінде табылған баланың қалған дене бөлшектері қала маңындағы Балашихадан табылды, деп жазады zakon.kz.

"Известия" басылымының жазуынша, баланы есірткіге мас күйде болған ер адам өлтірген. Болжам бойынша, күдікті – анасының бірге тұратын адамы. Сондай-ақ, баланың 31 жастағы анасы күдіктіге қылмыс жасауға көмектескен болуы мүмкін.

Оқиғаға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары мәйіттің жолдорбаға салынып тасымалданғанын мәлімдеді.