Мәскеудегі қонақ үйдердің бірінен экс-сенатордың мәйіті табылды

0
94

Умар Джабраиловтың өлі денесі Мәскеудің Тверь көшесіндегі қонақүйлердің бірінен табылған.


Мәскеудегі қонақ үйдердің бірінен экс-сенатордың мәйіті табылды

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Мәскеудегі қонақ үйдердің бірінен шешенстандық кәсіпкер, экс-сенатор Умар Джабраиловтың мәтіні табылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Умар Джабраиловтың өлі денесі Мәскеудің Тверь көшесіндегі қонақүйлердің бірінен табылған. Бұл туралы Telegram-арналар жазды.

БАҚ-тың жазуынша, Умар Джабраилов өз өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары ТАСС мемлекеттік ақпарат агенттігіне растаған.

«Бизнесмен Умар Джабраиловтің өлімінен қылмыстық сипат анықталған жоқ, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.

Mash Telegram-арнасының жазуынша, 67 жастағы Джабраиловтың мәйітінің жанынан тапанша табылған. Ол 2020 жылы да өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған.

Контекст

Умар Джабраилов Грозный қаласында туған. 2000 жылы Ресейдегі президенттік сайлауға қатысып, соңғы орын алған.

2004–2009 жылдары Федерациялық Кеңес құрамында Шешенстанның өкілі болып, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2009–2013 жылдары Джабраилов Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходьконің кеңесшісі болған.

2017 жылы экс-сенатор Мәскеудегі Four Seasons Hotel Moscow қонақүйінде атыс ұйымдастыруға әрекеттенді деген күдікпен ұсталған. Оған қатысты бұзақылық бабы бойынша іс қозғалып, сот 500 мың рубль айыппұл салған.

Осы оқиғадан кейін Джабраилов әрекеттері «партия беделіне нұқсан келтірді» деген негізбен биліктегі «Единая Россия» партиясынан шығарылған.