Мажарстанда ер адам ұшақ ұрлап, АЭC-ке қарай ұшқан

0
86

Полиция оны қолға түсірді.


Мажарстанда ер адам ұшақ ұрлап, АЭC-ке қарай ұшқан

Фото: BILD

ERNUR.KZ. Мажарстанда 24 жастағы ер адам Cessna 172 шағын ұшағын ұрлап, "Пакш" атом электр станциясына қарай бағыт алған. Кейін елдің әскери күштері жойғыш ұшақтарды әуеге көтерді, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті БАҚ оқиғаның 29 тамыз күні Калоча әуежайында болғанын жазды.

Cessna ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай радарға түскен. Әскерилер ұшақты әуеде бақылаған. Ер адам бірнеше минуттан соң Герьен ауылының маңында апатты жағдайда қонды. Aero Telegraph басылымының мәліметінше, ұшақтың шассиі жерге қонар сәтте сынып кеткен.

Ер адам оқиға орнынан бой тасаламақ болғанымен, полиция оны көп ұзамай қолға түсірді. Ауруханадағы тексеріс кезінде оның мас болғаны анықталды. Ер адам жауап алу барысында ұшақты қалай ұрлағаны есінде жоқ екенін айтқан.

Тергеу оның пилоттық куәлігінің бар-жоғын анықтап жатыр.