Оның екеуі полиция қызметкері.
Фото: Reuters
ERNUR.KZ. Мексиканың Сакатекат штатында көлікке қойылған бомба жарылып, 11 адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Reuters-тің жазуынша, соңғы күндері елде қылмыстық топтардың жарылғыш заттардың көмегімен түрлі шабуылдарды ұйымдастыруы көбейіп кеткен. Тіпті лаңкестер дрондармен шабуыл жасауға көшкен. Жергілікті билік бұны есірткі картельдер арасындағы зорлық-зомбылықтың күшейе түскенімен байланыстырады.
Қылмыстық топтың бірі орталықтағы көліктердің біріне бомба орнатып, полиция басқармасының алдына қойып кеткен. Салдарынан 11 адам жарақат алды. Олардың арасында екі полиция қызметкері бар. Жарылыс салдарынан шамамен 40 ғимаратқа зақым келген.
Соңғы уақытта өңірде осындай 10-ға жуық жағдай тіркелген.


