Мексикада "НЛО" денесін көпшілікке көрсетті

0
650

Дененің генетикалық коды адамдікінен 30 пайызға бөлек.


Мексикада

ERNUR.KZ. Мексикалық уфолог әрі журналист Хайме Мауссан "НЛО" туралы өткен конгреске мумия қалдықтарды әкелді. Ер адамның айтуынша, «өзге ғаламшарлықтың» денесі Перуда қазба жұмыстары кезінде табылған, деп жазады baq.kz.

Дененің генетикалық коды адамдікінен 30 пайызға бөлек.

Бұл үлгілер Жер эволюциясының бөлігі. Біз қалдықтарды "НЛО" құлаған жерден емес, диатомдар жиналған жерлерден таптық. Бұл ақылды жандар бізбен, адамдармен бірге өмір сүрді. Біз жалғыз емеспіз!, – деді Мауссан.

Сондай-ақ ол бұл жаңалықтан кейін ғылым ешқашан бұрынғыдай болмайтынын атап өтті.

Ғалымның айтуынша, бүкілі 14-ке жуық мәйіт табылған. Сараптамалар «бөгде планетаның» бас сүйегінің пішіні құстардың бас сүйегіне ұқсас екенін айтады. Белгісіз жаратылыстардың сүйектері жіңішке әрі жеңіл ал тістері болмаған.