​Мексикадағы тәртіпсіздіктер кезінде 73 адам қаза тапты

0
101

Халиско штатының Пуэрто-Вальярта қаласындағы аймақтық түрмеден 23 адам қашып кетті.


​Мексикадағы тәртіпсіздіктер кезінде 73 адам қаза тапты

Фото: Anadolu

ERNUR.KZ. Мексикадағы «Халиско жаңа буыны» картелі жетекшісінің өлімінен кейін болған тәртіпсіздік салдарынан 73 адам көз жұмды. Олардың арасында қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, картель мүшелері болды деген күдікке ілінгендер және басқа тұлғалар бар, деп жазады inform.kz.

Мексиканың қауіпсіздік министрі Омар Гарсия Харфухтың айтуынша, «Халисконың жаңа буыны» картелінің жетекшісі Немесио Осегера Сервантестің («Эль Менчо» деген атпен танымал) қазасынан кейін Халиско штатында алты бөлек шабуыл кезінде Ұлттық гвардияның 25 әскери қызметкері қаза тауып, қылмыс жасады деген күдікке ілінген 30-ға жуық адам және көршілес Мичоакан штатында тағы төрт адам өлтірілді.

Халиско, Мичоакан және Гуанахуато штаттарының билігі жексенбіде кем дегенде тағы 14 адам қаза тапқанын хабарлады. Қаза болғандар арасында жеті адам — Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері.
Осыған дейін Мексика әскері Халиско штатында картель жетекшісі Эль-Менчоны өлтіргенін хабарлаған болатынбыз.
Әлемдегі ең іздеудегі есірткі барондарының бірі Немезио Осегера Сервантестің өлімі Мексикада қақтығыстар мен зорлық-зомбылық толқынын тудырды.
Халиско штатының Пуэрто-Вальярта қаласындағы аймақтық түрмеден 23 адам қашып кетті.
ҚР Сыртқы істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер орын алған Мексикадағы жағдайға байланысты сол елге барған қазақстандықтарға үндеу жасады.