Мектепке найзағай түсіп, 5 бала қаза тапты

0
683

Қайғылы оқиғадан 13 бала жарақат алған.


Мектепке найзағай түсіп, 5 бала қаза тапты

ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасында мектептердің біріне найзағай түсіп, бес бала қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Франс Пресс агенттігінің жазуынша, қайғылы оқиғадан сондай-ақ 13 бала жарақат алған.Оқиға елдің Итури провинциясының Букиринги ауылындағы бастауыш мектепте болған. Жергілікті әкімшілік өкілі Роджер Адиродудың айтуныша, таңғы уақытта балалар сынып ішін жинастырып жатқан кезде найзағай түскен.
«Оқиға салдарынан екі қыз бен үш ұл бала қаза тауып, тағы 13 бала жарақат алды», - деді ол.

Қаза тапқандар мен жараланғандар 5 пен 13 жас аралығында болған.