Мектепте 82 оқушы тамақтан уланды

0
813

Оқиға 30 қыркүйекте түс кезінде орын алған.


Мектепте 82 оқушы тамақтан уланды

ERNUR.KZ. 30 қыркүйекте Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы жекеменшік мектебінде 80 оқушы тамақтан уланды, деп хабарлайды ktk.kz.

Бұл жөнінде халықтық білім беру министрлігі хабарлады. Оқиға 30 қыркүйекте түс кезінде болған. 75 оқушы мен 7 мұғалім тамақтан уланған. Сол күні кешке жақын зардап шеккендердің бәрін ауруханаға жеткізген. Қазір оқушылар мен мұғалімдердің бәрі дәрігердің қарауында, денсаулықтары бірқалыпты. Соңғы он күнде Өзбекстанда жаппай уланған бірнеше оқиға тіркелген.

27 қыркүйекте Бекабад қаласындағы балабақшаның бірінде 19 бала тамақтан уланып қалған. 22 қыркүйекте Наманған облысында тойға барған 50 қонақ тамақтан уланды деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған.