Мемқызметшілерге жалақы орнына тегін тамақ берілетін болды

0
1 126

Мемлекеттік қызметшілер супермаркеттердің алдына тегін тамаққа кезекке тұрды


Мемқызметшілерге жалақы орнына тегін тамақ берілетін болды

ERNUR.KZ. Америкалық мемлекеттік қызметшілер супермаркеттердің алдында тегін тамаққа кезекке тұрды, себебі оларға желтоқсанның соңынан бері жалақы төлемеген, деп жазады ҚазАқпарат.

800 мың мемлекеттік қызметшіге Ақ үй мен конгресс арасындағы келіспеушілік салдарынан «үкіметтің жабылуына» байланысты еңбекақы төленбеген.

Соған қарамастан, АҚШ президенті Дональд Трамп та, демократиялық партия өкілдері де ортақ келісімге келе алмай отыр. 22 желтоқсанда Құрама Штаттар үкіметі бюджет қаржысының болмауы салдарынан жұмысын жартылай тоқтатуға мәжбүр болды.

Шатдаун республикашылдар мен демократтардың конгресте уақытша мемлекеттік бюджеттің параметріне келісе алмағаннан кейін болды. Демократиялық партия өкілдері Мексикамен шекарадағы қабырғаны федералдық бюджет есебінен салуға қарсылық танытуда.