Байқауға қатысу үшін қалада байқалған заң бұзушылық немесе қылмыс туралы видео немесе сурет түсіріп, оны WhatsApp, Viber немесе Telegram мессенджерлерімен милицияға жолдау қажет.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің Душанбедегі басқармасы жылдың үздік мәлімет жеткізушісін анықтау мақсатында байқау жариялады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық таратылады. Олардың аты-жөні жарияланбайды, деп жазады centralasian.org.
Байқауға қатысу үшін қалада байқалған заң бұзушылық немесе қылмыс туралы видео немесе сурет түсіріп, оны WhatsApp, Viber немесе Telegram мессенджерлерімен милицияға жолдау қажет. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға көмектескендерге басымдық беріледі. Көп видео, сурет жолдау арқылы да жеңіске жетуге болады.
Бірінші орынға шамамен 440 доллар, екіншіге – 265, үшіншіге 176 доллар беріледі.
Байқауға жолданған материалдарды арнайы комиссия қарайды. Байқау жеңімпаздарының есімдері олардың келісімімен ғана баспасөзде жарияланады.
Байқау нәтижесі 25 желтоқсанда шығады. Жеңімпаздар ақша ғана емес, Жаңа жылға сыйлық алады. Бұл байқаудың қаншалықты жиі өткізілетіні әзірге белгісіз.