Дәрігерлердің жақында босанған әйелге немқұрайлықпен қарағаны халықтың ашуланып, митингке шығуына себеп болыпты.
ERNUR.KZ. Моңғолияда халықтың жаппай нарызылығынан кейін үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды, деп жазады stan.kz.
Дәрігерлердің жақында босанған әйелге немқұрайлықпен қарағаны халықтың ашуланып, митингке шығуына себеп болыпты.
БАҚ мәліметінше, ақ халаттылар коронавирусқа шалдыққан әйелді шақалағымен бірге инфекциялық стационарға адам төзгісіз жағдайда тасымалдапты. Жаңа туған бала мен анасының үстінде қалың киім де болмапты. Дәрігерлердің жауапсыздығы халықтың жаппай Ұлан-Батырдағы орталық алаңға шығуына алып келді. Мұның арты биліктің отставкаға кетуімен аяқталды.