Моңғолиялық сайтқа қазақтардан кешірім сұратқан жігіттердің әрекетіне көпшілік риза болды (видео)

0
20 427

ERNUR.KZ. Моңғолияда қазақ ұлты туралы жағымсыз мақала жариялаған сайт редакторы жұмыстан қуылып, басылым жергілікті қазақтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Моңғолия елінің жергілікті zinda.mn сайты қазақтарды террористерге жатқызып, діни және ұлттық сипатта кемсіткен мақала шығарған. Соны көрген екі қазақ жігіті сайт редакциясына барып өшіруін талап етеді. Жігіттер сайттың редакциясына қолдарына күрек ұстап барады.

Осы оқиғадан соң сайт басшылығы әлгі мақаланы өшіріп, ресми түрде кешірім сұраған. Жауапты редакторды бірден жұмыстан шығарыпты.

Қазақ ұлты үшін осындай батылдыққа барған жігіттердің есімдері – Нұрболат және Асқар.

Видеода Нұрболат есімді жігіт моңғол тілінде: «Мен қорықпаймын. Ұлтымды келекеге айналдырып жатса, ұлтым үшін өліп кетуге бармын», - деп сайт тілшілеріне қарата айтқан сөзі өрт болды.

Жігіттердің бұл әрекеті моңғол қазақтары тұрмақ, әлеуметтік желі арқылы көрген қазақстандықтарды да тәнті етті.

Видео Нұрбол Ханағаттың желідегі парақшасынан алынды