Мьянма президенті отставкаға кетті

0
1 336

​Мьянма президенті, 71 жастағы У Тхин Чжо екі жыл ел басқарғаннан кейін отставкаға кетті,-деп хабарлайды ria.ru Синхуа агенттігіне сілтеме жасап. Басылым мәлімдегендей, экс-президент қызметінен «демалу» үшін кеткен.


Мьянма президенті отставкаға кетті

фото: © Фотохост-агентттік

Мьянма президенті, 71 жастағы У Тхин Чжо екі жыл ел басқарғаннан кейін отставкаға кетті,-деп хабарлайды ria.ru Синхуа агенттігіне сілтеме жасап. Басылым мәлімдегендей, экс-президент қызметінен «демалу» үшін кеткен.

"Мьянма президенті У Тхин Чжо 21 наурыз күні отставкаға кетті ", — делінген Франс Пресс хабарламасында.

Елдің жаңа басшысы жақын 7 күн ішінде сайланады.

Бұған дейін БАҚ-та оның денсаулығына байланысты отставкаға кетуі ықтимал екені хабарланған болатын. Бірақ, ресми билік мұны жоққа шығарған еді.

1962 жылғы төңкерістен кейінгі соңғы 50 жылда Тхин Чжо елдің қарулы күштеріне өкілінен емес алғашқы президент болатын. Университет профессоры, жазушы, Демократия үшін ұлттық лига жетекшісі, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжинің жақын досы Тхин Чжо Мьянма президенттігіне 2016 жылдың наурызында сайланған еді.