Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.
Фото: Myanmar now
ERNUR.KZ. Мьянмадағы зілзала салдарынан 2 мың адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.
28 наурызда Мьянмада 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала көршілес Таиландта да сезілді. Ресми БАҚ зілзала салдарынан 1700 адам көз жұмғанын хабарлады. The Wall Street Journal құрбандар саны 2028 болғанын жазады.
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Мьянмада 3,4 мың адам жарақат алған. Тағы 300 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Таиланд астанасы Бангкокта қаза тапқандар саны 17 адамға дейін өсті. Жергілікті биліктің дерегінше, тағы 32 адам жараланған, ал 83 адам жоғалып кеткен. Құтқару қызметтері іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Табиғи апаттардың алдын алу агенттігі елде 420 тұрғын үй, 48 ғибадатхана, 76 аурухана, ондаған мектеп пен мемлекеттік мекемелер бүлінгенін мәлім етті. Жер сілкінісі салдарынан болған залалды бағалау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр.