Көлікте отырғандар зардап кешпеген.
ERNUR.KZ. Новосібірде қатты жауын кезінде найзағай жүріп келе жатқан көлікке түсті. Зардап шеккендер жоқ, бірақ куәгерлерді қатты шошытқан көрінеді, деп жазады baq.kz.
Оқиға Бердск тас жолында жексенбі күні сағат 15:00 шамасында болған. Видеода көрініп тұрғандай баяу келе жатқан Toyota RAV4 автокөлігіне екі рет найзағай түскен. Кейін көлік жол жиегіне келіп тоқтайды.«Мен алғашында найзағай біздің машинаға түсті деп ойлап қалдым. Жан-жағымыз соншалық жарық болып, ештеңе көрінбей кетті. Тастай ғып рульді ұстап алдым», - дейді Галина Ершова.
Оның айтуынша, көлікте отырғандар зардап кешпеген. Найзағай түскен машина жол жиегіне барып тоқтап, жүргізушісі шығып көлігін қарап шыққан. Найзағай көліктің артқы айнасына келіп түскен. Айнаның сау тамтығы қалмай шытынап кеткен, көліктің басқа жеріне нұсқан келмеген екен.
Көлік шанағы Фарадей торын атқарып тұрғандықтан электр разрядын ішке өткізбейді.