Нәрестені қоқысқа лақтырған ана бейнебақылау камерасына түсіп қалды

0
1 413

​Нәрестені қоқысқа лақтырған келіншек видеоға түсіп қалды


Нәрестені қоқысқа лақтырған ана бейнебақылау камерасына түсіп қалды
ERNUR.KZ. Қытайдың Хэфэй қаласында белгісіз әйел жаңа туған нәрестені қоқысқа тастап кеткен. Бала табылған сәтте өлі болып шығыпты деп жазады NUR.KZ.

Бейнебақылау камерасы әйелдің шелекке қоқыс тастап кетіп қалғанын түсірген. Артынша санитарлық қызметші қоқыс жәшігінен өлі сәбидің денесін тауып алған екен.

Оның видео түсірілген кезде өлі немесе тірі болғаны белгісіз. Бір куәгердің айтуынша, баланың салмағы 3,5 келідей болып қалады.

Бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

Қытайда баласын тастаған көкек аналар бес жылға сотталады.