ERNUR.KZ. Нигер халқының жартысы көтеріліс жасап, француз елшісі мен әскерлерінің елден кетуін талап етті, деп жазады Stan.kz.
Наразылық білдірушілер француз әскери базасының жанына жиналып, елші мен 1500-ге жуық сарбаздың кетуін сұрады.
26 шілдеде билікті басып алған Нигер әскери үкіметі Франция президенті Эммануэль Макронды елге колонизация жасауда деп айыптады.
Макрон тақтан тайдырылған президент Мохамед Базумды қолдап, Нигердің жаңа билеушілерін мойындамай қойды. Францияның елшісіне елден кету үшін 48 сағат берілсе де, ол Нигерде қалды.