Нигерияда белгісіз біреулер 200 оқушыны ұрлап әкетті

0
602

Жауынгерлер Тегина қаласындағы мектепке жексенбіде түстен кейін шабуыл жасаған.


Нигерияда белгісіз біреулер 200 оқушыны ұрлап әкетті

ERNUR.KZ. Нигерияның Нигер штатында қарулы жауынгерлер мектепке шабуыл жасап, 200-ге жуық оқушыны ұрлап әкетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Punch газетінің мәліметінше, жауынгерлер Тегина қаласындағы мектепке жексенбіде түстен кейін шабуыл жасаған. Олар оқ жаудырып, салдарынан екі адам жараланды. Олардың біреуі қайтыс болды, ал екіншісінің жағдайы ауыр.

Нигер билігі шабуыл болғанын растады, бірақ ұрланған балалардың нақты саны анықталмағанын мәлімдеді.

Нигерияда оқушылар алғаш рет ұрланып отырған жоқ. Шабуылдаушылар оларды босату үшін көбіне төлем талап етеді.

Жыл басынан бері, БАҚ мәліметі бойынша, Нигерияда 700-ге жуық оқушы ұрланған. Елдің солтүстігінде наурыздан бастап 600-ден аса мектеп жабылды. Билік барлық оқу орнында қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.