Нигерияда бекінген «Боко Харам» лаңкестері қарапайым халыққа тағы шабуыл жасады. Бұл жолы қастандықтан 18 адам қаза тапты. Тағы 84 кісі жараланған.
Нигерияда бекінген «Боко Харам» лаңкестері қарапайым халыққа тағы шабуыл жасады. Бұл жолы қастандықтан 18 адам қаза тапты. Тағы 84 кісі жараланған. Бұл France Press-ке сілтеме жасап туралы 24.kz хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда шабуыл елдің солтүстік шығысындағы Майдугури қаласында жасалған. Оларға полиция қызметкерлері тойтарыс берген. Марқұмдардың көбі лаңкестер мен құқық қорғаушылардың қақтығысында оққа ұшқан. Еске сала кетейік, радикалды бағытты ұстанған «Боко Харам» тобы батыстық білім беру жүйесіне қарсы. Олар аймақта шариғат ережелерін енгізуді көздейді. Құқық қорғау ұйымдарының дерегінше, соңғы сегіз жыл ішінде лаңкестердің шабуылынан 20 мыңға жуық адам мерт болды.