Қауіпсіздік шаралары үшін Нигериядағы көптеген мектеп уақытша жабылған.
Фото: Christian Association of Nigeria/AP Photo/picture alliance
ERNUR.KZ. Қарулы адамдар Нигер штатындағы интернатқа шабуыл жасап, 303 оқушы қыз бен 12 мұғалімді ұрлап әкеткен, деп жазады Stan.kz.
Қауіпсіздік шаралары үшін Нигериядағы көптеген мектеп уақытша жабылған. Ел президенті Бола Тинубу G20 саммитіне барудан бас тартты. 21 қараша түнінде Папири ауылындағы мектепке қарулы топ кіріп, күзеттің бірін атып өлтірген және мектепте болған адамдарды ұрлап кеткен. Қауіпсіздік күштері оқушыларды іздестіріп жатыр.
Бұл шабуылдан бірнеше күн бұрын, солтүстік-батыс Кебби штатындағы интернаттан 25 оқушы қыз ұрланған, ал батысындағы Kwara штатындағы шіркеуден 38 адам ұрланған. Соңғы жағдай бойынша ұрланған әр адамға шамамен 60 мың евро (36 миллион теңге) көлемінде өтеп алу талап етілген.
Нигерияның солтүстік-батысы мен орталық аймақтарында қарулы топтар бірнеше жылдан бері адамдарды ұрлап, кейін ақша талап етумен айналысып келеді. Мұндай шабуылдардан соң мыңдаған адам қаза тауып, басбұзарлар бірнеше штатты қамтитын ормандарға тығылып кетеді.
Ең белгілі оқиғалардың бірі 2014 жылы болған. Сол кезде "Боко Харам" террористік тобы Чибок қаласындағы лицейден 276 оқушы қызды ұрлаған. Кейбірі террористерден қашып құтылып, кейбірі келіссөз жасап босатылған. Amnesty International деректеріне сәйкес, 2024 жылға дейін 82 ұрланған қыз әлі де із-түссіз.


