Нигерияда содырлар бір ауылдың 69 тұрғынын өлтірді

0
802

Ауылды қиратып, мың бастан аса мал мен түйелерді қолды қылған.


Нигерияда содырлар бір ауылдың 69 тұрғынын өлтірді

ERNUR.KZ. Нигерияда «Боко харам» радикалды тобының шабуылынан кем дегенде 69 адам ажал құшты, деп хабарлайды Хабар24.

Оқиға Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында тіркелді. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады.

Лаңкестер Фадума Колорам ауылына шабуыл жасағаны айтылды. Олар көлік пен мотоцикл мініп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Артынша ауылды тас-талқан етіп, 1,2 мың бас мал мен түйені алып кеткен.