Жалпы аймақта жаңа ауруға 85 бала шалдыққан.
ERNUR.KZ. Нью-Йоркте Кавасаки ауруына ұқсас жаңа дерттен 3 бала қайтыс болды. Оның екеуі бүлдіршін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы аймақта жаңа ауруға 85 бала шалдыққан. Белгісіз дерттің көптеп таралуына байланысты тергеу басталды. Штат губернаторы Эндрю Куомоның айтуынша, жаңа ауру коронавирустан өзгеше. Дерт көбіне мектеп жасына дейінге балалардан анықталуда. Жергілікті билік ата-аналарға балаларында тыныс алуы қиындаса, дереу дәрігерлерге хабарласу керектігін ескертіп жатыр.
– Бұл індет бәрімізді алаңдатып отыр. Оның нышандары Кавасаки ауруына ұқсайды. Мамандар оны коронавируспен байланыстырады. Алайда табиғаты өзгеше. «Ковид-19» әдетте тыныс алу жолдарын қиындатып, өкпені қабады. Ал мына аурудан балалардың қан тамырлары ісініп, кей кездері жүректің қабынуы тіркелуде. Біз жаңа аурудың таралуына байланысты ата-аналарды жан-жақты хабардар етіп жатырмыз, - дейді Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо.