Оқушы алаяқтарға ата-анасының 47 млн теңгелік ақшасы мен әшекей бұйымдарын беріп қойған

0
446

Келтірілген шығын 47,6 млн теңгеге бағаланды.


Оқушы алаяқтарға ата-анасының 47 млн теңгелік ақшасы мен әшекей бұйымдарын беріп қойған

Сурет: freepik

ERNUR.KZ. Ресейде 12 жастағы оқушы алаяқтардың арбауына түсіп, ата-анасының жинаған ақшасы мен әшекей бұйымдарын оларға беріп қойған. Келтірілген шығын 47,6 млн теңгеге бағаланды, деп жазады zakon.kz.

МК.ru басылымының жазуынша, алаяқтардың құрбаны Мәскеу қаласында тұратын мектеп оқушысы болған. Ол интернет арқылы бір қызбен танысқан. Кейін жасөспірімге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдар хабарласқан.

Олар баланы бейнебайланыс арқылы пәтерде "тінту" жүргізуге көндірген. Олардың сөзіне сенген оқушы сейфтен 9 млн рубльге (47,6 млн теңге) бағаланған ақша мен зергерлік бұйымдарды алып, алаяқтардың курьеріне тапсырған.

Кейін курьер ұсталды. Ол Мәскеу облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұрланған мүліктің бір бөлігі иелеріне қайтарылды.