ҚР СІМ жағдайды ресми түрде растады.
Фото: x.com/TheKoreaHerald
ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы қолға түскенін растады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, отандасымызды Ичхон қаласы полициясы ұстаған.
«Отандасымызға бірқатар құқық бұзушылық, соның ішінде бөтеннің мүлкін бүлдіру, көші-қон режимін сақтамау және автокөлікті пайдалану қағидаларын бұзу бойынша айып тағылып отыр», – делінген ҚР СІМ-нің агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Қазақстандық дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстай отырып, оған консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
Yonhap мәліметіне сүйенсек, 21 жастағы қазақстандық 25 жастағы серігімен бірген көлікті қуып келе жатқан. Содан кейін олар көліктің жолын жауып, ішіндегі адамдарды қорқыта бастаған. Олардың бірі көліктің алдыңғы жағын тепкен. Оқиғаның барысы бейнебақылау камерасына түсііп қалған.


