Сот үкімі 19 ақпанда шығады.
Фото: oxu.az
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның арнайы прокурорлар тобы бұрынғы президент Юн Сок Ёльге өлім жазасын тағайындауды сұрап отыр, деп жазады inbusiness.kz .
Тергеу материалдарына сәйкес, экс-президент Юн Сок Ёль билікті сақтап қалу мақсатында елде әскери жағдай енгізуге тырысқан.
"Ол сот және заң шығару билігін басып алғысы келді. Бұл өте ауыр қылмысқа жатады. Себебі, ол ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс ресурстарды жеке мақсатына пайдаланбақ болды", – деді арнайы прокурордың көмекшісі Сеулдің Орталық округтік сотындағы қорытынды отырыста.
Yonhap агенттігінің жазуынша, прокурорлар үкімді оқыған сәтте экс-президент сот залында аздап жымиып, ал оның кейбір жақтастары ашуын жасырмаған. Іс бойынша тыңдау 11 сағатқа созылды. Сот үкімі 19 ақпанда шығарылады деп жоспарланып отыр.
Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры 26 желтоқсан күні Сеул сотында бұрынғы президентті сот төрелігіне кедергі келтірді деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.


