Бұл Янгихайот ауданындағы өнеркәсіптік аймақтағы қоймаларда болған.
ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс таңғы сағат 3.00 шамасында Ташкент әуежайындағы кеден қоймасының аумағында болған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп жазады zakon.kz.
Mash Telegram арнасының алдын ала мәліметінше, бұл Янгихайот ауданындағы өнеркәсіптік аймақтағы қоймаларда болған. Кейіннен өрт оқшауланғаны хабарланды.
Uzbekistan Airports жарылыс астана әуежайының жұмысына әсер етпегенін хабарлады. "Ташкент халықаралық әуежайы әдеттегідей шектеусіз жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Жарылыс толқыны эпицентрден 30 шақырым жерде де сезілген. Жақын маңдағы үйлердің терезелері мен есіктері сынған.
Кейіннен Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі өнеркәсіп қоймаларының бірінде болған өрттен зардап шеккендер туралы хабарлады. Қоймаларға жақын орналасқан үйлердің тұрғындарына дәрігерлер көмек көрсеткен.
"Өрт салдарынан зардап шеккендер Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына және оның Ташкент облысындағы филиалына жеткізілді", - делінген ведомствоның Telegram-каналында.
Олардың арасында ауыр зардап шеккендер жоқ, қазір дәрігерлер халыққа қажет медицина көмегін беріп жатыр. Зардап шеккендердің саны нақтыланбады.
Newsach/Dvach Telegram арнасының хабарлауынша, Ташкенттегі жарылыстың алдын ала себебі кеден қоймасында сақталған электромобильдерге арналған аккумуляторлар болуы мүмкін. Әзірше оқиғаның қайда және қандай себеппен болғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Билік бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.