Орынбор газ өңдеу зауытына шабуыл жасалды – Қазақстан шикізатын қабылдау тоқтатылды

0
127

Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуі зардап шеккен жоқ, деп хабарлады энергетика министрлігі.


Орынбор газ өңдеу зауытына шабуыл жасалды – Қазақстан шикізатын қабылдау тоқтатылды

© Photo : Официальный сайт Karachaganak Petroleum Operating B.V.

Қазақстанның энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуылдан кейін Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Газпром" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, бүгін Орынбор газ өңдеу зауытына ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуыл жасалды. Соның салдарынан Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылды.
"Зауыттың зақымдану сипаты мен жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша ақпарат ресейлік тараптан әлі берілген жоқ. Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуі зардап шеккен жоқ. Газ ішкі тұтынушыларға қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жеткізілуде", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ шабуылдың Қарашығанақ шикізатын өңдеуге және мұнай өндіруге ықтимал әсері кен пайдаланушыларымен бірге қаралады. Шығындар есептеледі. Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста.