Отыздан астам бала лагерьде жаппай уланып қалды

0
862

Белгілі болғандай, тамақтануды ұйымдастыруға қатысты тексерістер басталды.


Отыздан астам бала лагерьде жаппай уланып қалды

ERNUR.KZ. Ресейдің Пенза облысында балалар лагерінде отыздан астам бала жаппай уланып қалды, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстың прокуратурасы мәлімдеген.

Белгілі болғандай, тамақтануды ұйымдастыруға қатысты тексерістер басталды.

Пенза облысы Теміржол ауданының прокуратурасы «Белка» атты балаларды сауықтыру орталығында тексеріс бастады. Ол жерде отыздан астам бала уланып қалған. Алдын ала деректерге сәйкес, балалар өздерін жайсыз сезініп, кейбірін лагерьдің медицина қызметкерлері изоляторға жатқызуға мәжбүр болған, - делінген хабарламада.

Прокуратура барлық жағдайды нақтылап, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, соның ішінде балалар лагеріндегі тамақтануды ұйымдастыру туралы заңнама талаптарының орындалуына баға беретіні айтылды. Ведомство тексеріс негізінде прокурорлық әрекет ету шаралары қабылданады деп отыр.