Ғаламторда өз үйлену тойында күйеу жігіттің қалыңдығын қызғанып, шатақ шығарған видеосы пайда болды.
ERNUR.KZ. Ақ көйлек киген қалыңдық той үстінде ән айтып тұрған әншіні құшақтап сүйген, деп жазады Экспресс К.
Facebook желісінде пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда жас келін өз тойында басқа біреуді емірене құшақтап, сүйіп жатыр. Мұны байқаған күйеуі шатақ шығарып, қызғаныштан әйелін итеріп жібереді.
Ақ көйлектегі қыз да қарап қалмады. Ол да күйеуінің көкірегінен итеріп, аузына келгенін айтып жатыр. Қуаныштың соңы жаппай жанжалға ұласады.
Қырғызстанда болған бұл жағдайдың соңы немен аяқталғаны, үлкен өмірге қадам баспай жатып, бір-бірімен қырылып қалған екі жастың кімдер екені әзірге белгісіз.